Оқиға БАКАД-тың батыс бағытында, Боралдай ауылына жетпей болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз басқарған Renault Logan көлігі техникалық ақауға байланысты жол жиегіндегі қоршауға тоқтаған. Көлікте жүргізушімен бірге жолаушы да болған.
Қыз апаттық дабылды қосып, көмекке келуі үшін туыстарына хабарласқан.
Сурет: zakon.kz
Алайда олар жеткенге дейін, куәгерлердің айтуынша, сол бағытта келе жатқан Kia Bongo жүк көлігі тоқтап тұрған Renault көлігіне соғылған. Соқтығысудан кейін жүк көлігі бүйірімен аударылып, жол бойымен бірнеше ондаған метр сырғанаған.
Сурет: zakon.kz
Жол апатынан Renault көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Алдын ала ақпарат бойынша, үшеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.
Сурет: zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, соққыдан Renault Logan қоршауға лақтырылып, қайтадан жолдың жүру бөлігіне шығып, жолды көлденеңінен бөгеп тоқтаған.
Зардап шеккен қыздың туыстары оқиға орнына келген. Олардың айтуынша, апат болған кезде БАКАД учаскесінде жол бойындағы жарықтандыру жұмыс істемеген. Алайда жол бойында жарықтандыру бағаналары орнатылған.
Сурет: zakon.kz
Куәгерлердің сөзінше, жарық туыстары оқиға орнына келгеннен кейін ғана қосылған. Кейін БАКАД-қа қызмет көрсететін арнайы техника да келіп, апат болған аумақты қоршады. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін полиция анықтайды.