ШҚО-да жұмысшы тиегіштің астында қалып, қаза тапты

Фото: freepik
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында тұрмыстық қалдықтарды санитарлық тазалау жұмыстары кезінде 56 жастағы жұмысшы тиегіштің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат алғашында әлеуметтік желілерде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан ер адам арнайы техниканың артында болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, тиегіш жүргізушісі жұмысшыны байқамай, көлікті артқа қарай жүргізе бастаған. Соның салдарынан ер адамды басып кеткен. Алған жарақатынан ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының қаза болғанын растады және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Полиция департаменті 56 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғынының қаза болуына байланысты Глубокое аудандық полиция бөлімінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды", – деді 2026 жылғы 7 қазанда ШҚО ПД.

Полиция қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін тағы бір жұмысшы жүк көлігі мен жол техникасының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен болатын. Қайғылы оқиға Ақмола облысында болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін