Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді – Президент Жарлыққа қол қойды

Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультациялар өткізгеннен кейін "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" жарлыққа қол қойды.

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оған дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі барлық шараларды қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан Үкіметіне, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдеріне барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

"Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді", – делінген ресми хабарламада.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу туралы мәлімдеген еді. Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде Президент елімізде уақыт талабына сай бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі ауқымды өзгерістерден өтіп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу осы өзгерістердің қорытынды кезеңі болады.

"Жергілікті өкілді органдардың қазіргі депутаттары Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды", – деп қосты Президент.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін