Жобаға сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда болу немесе тұру заңдылығын тексеру тәртібін енгізу көзделген. Тексеру иммигранттардың эталондық дерекқорындағы мәліметтер негізінде жүргізіледі.
ІІМ мәліметінше, жобаны іске асыру ЖСН қалыптастыру және түзету жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда заңды негізде жүргенін немесе тұрып жатқанын тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы қызметті көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттырады.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Оны қоғамдық талқылау 28 қазанға дейін жалғасады.