"Казцинк" ауаны ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемен тұрғындары өнеркәсіптік аймақтағы ауаның ластануына бірнеше рет шағымданғаннан кейін экологтар жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде "Казцинк" кәсіпорнында экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті 2026 жылғы 15 қазанда "Казцинк" ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешенінде жүргізілген жоспардан тыс тексерудің аяқталғанын хабарлады.

Зертханалық зерттеулер кәсіпорынның атмосфераға ластаушы заттарды белгіленген мөлшерден артық шығарғанын көрсетті.

"Анықталған бұзушылықтар кейбір газ тазарту қондырғыларының дұрыс пайдаланылмағанын көрсетеді. Соның салдарынан өндірістен бөлінетін газдар жобада көзделген деңгейде тазартылмай отыр", – деп түсіндірді ведомство.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 331-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Бұған дейін, 2026 жылғы қыркүйектің соңында Өскеменде егеуқұйрықтар қаптағаны хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, олар құстарға шабуыл жасап, тіпті күндіз де адамдардың аяғының астында жүгіріп жүрген.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

Қазақстандықтар ескі көлігін кәдеге жаратуға тапсырып, жаңа автокөлікке жеңілдік ала алады