Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 26 қазандағы мәліметінше, оқиға бір күн бұрын болған. Семей қаласындағы 112 қызметіне жеке тұрғын үйде құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде төбе жабындысының опырылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шеккен ер адамды құлаған құрылыс конструкцияларының астынан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ведомство өкілдері тұрғындарға құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Бұған дейін Бурабайда тауға шыққан ер адамның денсаулығы сыр беріп, оған құтқарушылардың көмегі қажет болғаны хабарланған еді.