Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Құтқарушылар автокөлікті ордан шығарып алды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік салонында екі адам болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Төтеншеліктер жылдамдық режимін сақтау, жол және ауа райы жағдайын ескеру, көлік жүргізу кезінде мұқият болу қажеттігін ескертеді.