Баласын қорғаған әйелдің өзі таяқ жеді: Түркістанда балалар алаңында әйелдер төбелесті

Фото: Zakon.kz
Түркістандағы сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі балалар ойын алаңында ата-аналар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде ойын алаңында болған төбелестің видеосы тарады. Оқиға 2026 жылғы 7 қарашада болған. Жанжалға ондаған ата-ана мен бала куә болған.

Жарияланған кадрлардан екі әйелдің алдымен сөзге келіп, кейін олардың біреуі екіншісін итеріп жібергенін көруге болады. Бұған ашуланған екінші әйел қарсыласына жұдырық ала жүгірген.

Видеоны жариялаған куәгердің айтуынша, жанжал әйелдердің бірінің екінші әйелдің баласына тиіп кетуінен басталған. Баланың анасы мән-жайды анықтауға тырысып, сауда орталығына келген әйелді итеріп жіберген. Бұған жауап ретінде ол бірнеше рет соққы алған.

Желі қолданушылары қарсыласына жұдырықпен жауап берген әйелді жақтап, пікір қалдырған:

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 қарашада оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Түркістандағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі қатысушы арасында сөзге келіспеушілік туындап, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан әйелдердің бірі дене жарақатын алған. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтап, мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізді", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада мас ер адам еш себепсіз қарт кісіні соққыға жығып, оған араша түскен әйелге де шабуыл жасаған болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды