Ресей астанасынан келген әуе кемесінің тексерілгені туралы ақпарат "Астана – Что? Где? Когда?" Telegram-арнасында жарияланған.
"Астана әуежайына түскен хабарлама бойынша тексеру жүргізілді. Мәскеу – Астана рейсін орындаған ұшақтың салонын тексеру барысында жарылғыш құрылғылар мен өзге де тыйым салынған заттар табылған жоқ. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені қолға алынды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне бүгін, 11 қарашада.
Бұған дейін Алматы әуежайында жұмысшының қаза тапқаны хабарланған еді. Алматы әуежайындағы Көліктегі полиция басқармасы адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.