Іс-шара барысында жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын шектеу көзделмегені нақтыланады.
"Оқу-жаттығудың мақсаты – көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актісінің жолын кесу тетіктерін жетілдіру. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздеріне ғана сүйеніп, жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырамыз". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатыны да ескертіледі.
Бұған дейін 5-7 қараша аралағында Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетіні хабарланған.