Есепті кезеңде 48 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Сонымен қатар аң аулау қағидаларын бұзуға қатысты — 550, балық аулау талаптарын сақтамауға байланысты — 109 және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 53 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 31 бас киік, 2 бас бұғы, бір бас арқар, 6 қарақұйрықтың өлексесі, сондай-ақ 1409 келіден астам бекіре тұқымдас балық пен 18 келіден астам уылдырық тәркіленді.
Полиция қызметкерлері табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.