Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші тоқтатылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіні анықтады.

12 қараша күні сағат 22:55 шамасында Құрманғазы ауданына қарасты Бұзаусылан елді мекенінде Toyota Vitz автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін сезген. Осыған байланысты азамат медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама нәтижесі оның жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Жинақталған материалдар сотқа жолданды. Автокөлік арнаулы айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай жауапсыз әрекет орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға және жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді