Ведомствоның мәліметінше, 20 жастағы қыз көпірден құлап, суға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жеткен.
Құтқарушылар жүзу құралымен қызға жетіп, оны судан алып шығып, жағаға жеткізген. Кейін зардап шеккен азаматша жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ өкілдері тұрғындарды өз өмірін бағалап, қауіп-қатерге бармауға шақырды. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне хабарласу қажет.
Еске салайық, бұған дейін Балқашқа бара жатқан жолда ер адам далада жоғалып кеткен болатын.