Астанада бойжеткен көпірден құлап, құтқарушылардың көмегімен аман қалды
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Есіл өзеніне құлап кеткен қызды құтқарды. Оқиға Сарыарқа ауданында, Шәкен Бейсекова көшесіндегі көпір маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 20 жастағы қыз көпірден құлап, суға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жеткен.
Құтқарушылар жүзу құралымен қызға жетіп, оны судан алып шығып, жағаға жеткізген. Кейін зардап шеккен азаматша жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ өкілдері тұрғындарды өз өмірін бағалап, қауіп-қатерге бармауға шақырды. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне хабарласу қажет.
Еске салайық, бұған дейін Балқашқа бара жатқан жолда ер адам далада жоғалып кеткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript