Ертіс жағасында құтқарушылар жоғалған қызды дронның көмегімен тапты
Сурет: unsplash
2026 жылғы 5 шілдеде түске таман 112 пультіне қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Хабарласқан әйелдің айтуынша, бір күн бұрын кешке бір топ адам Павлодар ауылы маңындағы Лодочная станция ауданында Ертіс өзенінің жағасында түнеп демалған. Таңертең қыздың жоқ екені анықталып, өз күштерімен жүргізілген іздеу нәтиже бермеген.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Аумақты шолу үшін дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.
"Құтқарушылар дауыс зорайтқыш арқылы жоғалған қызға бірнеше рет үн қатты. Олардың дауысын естіген 2003 жылы туған қыз жауап беріп, іздестіру тобына қарай қозғала бастады. Соның арқасында оның нақты жүрген жері қысқа уақытта анықталды. Табылғаннан кейін қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ", – деп хабарлады ҚР ТЖМ.
ТЖМ табиғат аясында демалған кезде жалғыз кетпеуге, жақындарыңызға қайда жүргеніңізді алдын ала хабарлауға және толық қуатталған ұялы телефон алып жүруге кеңес береді. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.