Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2026 09:45 Сурет: видео скрині
2026 жылғы 14 маусымға қараған түні Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Семей қаласында аспалы көпірден Ертіс өзеніне құлаған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, 112 қызметіне Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірден адамның суға құлағаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл түрде жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайықтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде 1999 жылы туған азамат Ертіс өзенінің Бобровка аумағынан табылып, құтқарылды", – делінген хабарламада.

Құтқарылған азаматқа қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: