Каспий теңізі жағасынан 500 метрге дейін ағып кеткен екі ер адам құтқарылды
Сурет: видео скрині
ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізіне үрлемелі сапбордпен шығып, қатты ағыс салдарынан теңізге ағып кеткен екі ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің хабарлауынша, олар сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Күшті ағыс салдарынан оларды теңізге қарай алып кеткен.
"Судағы профилактикалық іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласының 4А шағын ауданы маңында жағадан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұраған адамдарды байқаған", - делінген хабарламада.
Екі азамат құтқару жилеттерін киген, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті.
Олар қайықпен жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript