Бұл туралы 2026 жылғы 16 қарашада қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Тергеудің толық, жан-жақты және объективті жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі растады. Марқұм география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті болған.