Әйелімен жанжалдасып, мас күйде рөлге отырған көкшетаулық жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін

Фото: pexels
Көкшетауда әйелімен ұрысып қалғаннан кейін ішімдік ішіп, түнгі қаланы көлікпен аралауға шыққан 52 жастағы ер адам ұсталды. Енді оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 16 қарашада хабарлағандай, оқиға түнгі сағат үш шамасында болған.

Патрульдік полиция қызметкерлері 52 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Volkswagen Vento автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеріп, сөйлесу барысында инспекторлар ер адамнан алкогольдің өткір иісі шығып тұрғанын байқаған.

"Тексеру кезінде жүргізушінің мас болғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесі де мұны растады. Ер адамның айтуынша, ол отбасылық жиында әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін арақ ішкен", – делінген ведомство хабарламасында.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полицейлер тұрғындарды ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырмауға шақырды. Олар отбасылық келіспеушіліктерді шешуге болатынын, ал мас күйде көлік жүргізу орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін Петропавлда патрульдік полиция қызметкерлері түнгі рейд кезінде 34 жастағы мас жүргізушіні ұстаған. Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігі мүлде болмағаны анықталды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысын есептеу тәсілдері өзгермек