ҰҚК "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының қамауға алынғанын хабарлады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 18 қарашада "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

ҰҚК мәліметінше, Жақыпов пен Өтіншіев 12 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген комитеттің хабарламасында.

"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшыларының ұсталғаны 12 қарашада белгілі болды. Сол кезде ҰҚК олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінгенін мәлімдеген еді. Кейін "Самұрық-Қазына" холдинг пен қор тобына кіретін компаниялардың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

13 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің жедел кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.


"Бұл – мемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлықтың кең етек алғанын көрсететін аса маңызды белгі", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлық деңгейін күрт төмендетуге бағытталған шараларды ұсынуды тапсырды.

16 қараша күні таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Кейін комитет төрағасы болып Марат Ірменовтің тағайындалғаны белгілі болды. Артынша Ақорда Ермек Сағымбаевтың қызметтен босатылу себептерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қазақстан
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы