Елорда түрмесінде прокуратура өкілдері мен қоғамдық-бақылау комиссиясы болды

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елордалық колонияға Ақмола облысы прокуратурасының өкілдері мен қоғамдық-бақылау комиссиясының мүшелері экскурсия ​жасады. Ресми орган өкілдері сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларға қатысты заңсыз әрекеттер болған-болмағанын анықтап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

​№2 мекемеде сотталғандарды ұстау құқықтары мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола облысы прокуроры, Астана қаласы бойынша ҚАЖД басшылығымен мекеменің тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ өндірістік объектілерін қарап шықты. Байланыс құралдарымен және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру зерттелді.

​"Мекемеде бейнебақылау жүргізу кезінде сотталғандардың мінез-құлқын сапалы қадағалау үшін барлық аймақ, үй-жай бейнебақылау камераларымен жабдықталады", - деді Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Рысбек Тұрғымбаев.

​Сондай-ақ, сапар барысында сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүзеге асырылды.

Прокуратура мен қоғамдық қадағалау комиссия қызметкерлері мекемеде Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның сақталуына ерекше назар аударды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты