Алматыда журналист Владимир Серверный екі айға қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Журналист Владимир Северный екі айға қамауға алынды, ал оның әйелі Наргиз үйқамаққа тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 22 сәуірдегі хабарламасына сәйкес, сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының қолдаухаты қанағаттандырылып,  күдікті В. Северныйға қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 20 маусымына дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді".

Бұдан бөлек, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартылды және күдікті Н. Серверныйға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

21 сәуірде журналист Владимир Северный мен оның әйелінің ұсталғаны туралы белгілі болды. Алматы қаласы ПД олардың үстінен қаладағы ЖШС-лардың бірінің басшысы арызданғанын жеткізді. Ол белгілі бір материалды жарияламас үшін өзінен ақша бопсалағанын айтты. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды