Президент жарлығымен екі мемлекеттік архивке "Ұлттық" мәртебесі берілді
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 19 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты екі мемлекеттік архивке "Ұлттық" мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің „Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" және „Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемелеріне „Ұлттық" мәртебесі берілсін", – делінген құжатта.
Жарлық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript