Оқушы Өзбекстан астанасын 250 миллиард АҚШ долларына "сатқысы" келіпті.
Артықшылықтар қатарына ел тұрғындары наразылық білдірмейтін, тез алданатын, жайбарақат жандар екендігі атап көрсетілген, деп жазады Газета.uz.
Өзбекстанның "К" бөлімі Telegram-арнасында оқушыны ұстаған бейнероликпен бөлісті.
Оқушы 7 сәуірде OLX порталында сату туралы хабарландыру жариялады.
"Ташкент қаласы үлкен сауда байланыстары бар жаңадан дамып келе жатқан тамаша қала. Халқы - 3 миллион бейбіт тұрғын (наразылық білдірмейді, жайбарақат, еңбек етпей келген ақшаны жақсы көреді, тез алданады, өздерінен жақсылап ақша жасауға болады). Азаматтардың салық түсімдеріне салынған тамаша нысандар да бар (сіздің пассивті табысыңыз үшін тамаша құрал). Ауа-райы керемет, бірақ қыста шағымдар түсуі мүмкін. Кездесу кезінде барлық мәліметтер кеңінен талқыланады. Саудаласуға болады. Үкіметтің сапасыз болуына байланысты сатамын", делінген оқушы жарнамасының мәтінінде.