Шымкент – Ыстамбұл әуе рейсінің жолаушысынан алтын құймалар тәркіленді

Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
2023 жылғы 4 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 18:10 шамасында Шымкент – Ыстмабұл халықаралық авиарейсіне қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында заңсыз қымбат металды әкетудің алды алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеруді "Әуежай-Шымкент" кеден бекетінің мамандары "Шымкент" шекаралық бақылау бөлімшесінің (авиациялық) Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесе, Шымкент қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің көмегімен жүзеге асырды.

Күдікті ұсталды.

"Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 кг (бір килограмм төрт жүз отыз төрт грамм). ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны - 41 148 000 теңгені құрайды", делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша материалдар ҚР ҚМА Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне процестік іс-қимылдар жүргізу үшін жолданды.

Шымкент
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды