Астанада мектептерде буллингті болдырмау мақсатында QR-кодтар орнатылып жатыр

Сурет: Facebook/Астана қаласының прокуратурасы
Елордалық прокуратураның бастамасы бойынша орта білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында QR-кодтар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Бұл QR-кодтар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына мектеп психологтарына, профилактика менеджерлеріне, әлеуметтік педагогтерге, учаскелік инспекторларға, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне психологиялық қолдау, буллинг және басқа да мәселелер бойынша тікелей жүгінуге мүмкіндік береді", делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Айта кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (уәкілетті орган) жанынан Балаға қатысты кибербуллинг фактілерін және өтінштерді қарайтын сараптама тобы құрылатын болады. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады