Ақтөбеде үш зейнеткерді алдап соққан 18 жастағы жігіт ұсталды

Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
2023 жылы 15-16 мамырда Ақтөбе аумағында 83, 87 және 90 жастағы зейнеткерлер алаяқтық құрбаны болды. Алаяқ оларға жақын туысының жол-апатына түскенін, сондықтан осы мәселені шешуге жәрдемдесе алатын-алмайтындарын сұрап, қоңырау шалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салдарынан егде жастағы жәбірленушілер барлық жиған ақшасынан айырылған. Жалпы шығын көлемі 5 млн теңгеден асады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-тармағы, 3-бөлігі - "Ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қолға алынды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі