Полиция Төреғали Төрәліні ұстау сәтінің толық видеосын жариялады

Сурет: видеодан алынды
Алматы қаласының полициясы белгілі әнші Төреғали Төреәліні ұстау сәтінің толық видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан әншінің өзін агрессивті ұстап, полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып және оқиға орнынан қашуға тырысқанын көруге болады. 

Оны көліктен шығару үшін бірнеше тәртіп сақшысының жабылуына тура келді. Видеода полицейлер Төреғали Төреәліні көліктен әрең сүйреп алып шығып, тас жолға сұлатып, қолына кісен салады, содан кейін медициналық куәландырудан өту үшін оны алып кетеді. 

Байқаңыз! Видеода балағат сөздер бар!



"Сараптама нәтижесінде азамат А-ның есірткіге мас екендігі белгілі болды". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер Төреғали Төреәліні 14 маусымда түстен кейін ұстады.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Шешім қабылдау үшін іс жүргізу материалдары сотқа жолданатын болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды