Түркістанда атаулы көмек тіркетпек болған әйел 500 мың теңгенің несиесін "арқалап қалды"

Сурет: Zakon.kz
Полицейлер бөтеннің атына несие тіркеткен адамды анықтады. Әйел адам өзінің алаяқтың құрбаны болғаны айтып, полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 500 мың теңге несие рәсімдеген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, құрығына түсірген күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижелі іздестіру барысында жергілікті тұрғын, алаяқ әйел полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктінің мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмек шығарып беремін деген жалған сөзіне сеніп, алдын ала 50 мың теңге мен құжаттарын берген. Ал танысы оның құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеп алған.

Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан