Антикор №159 алматылық гимназиядағы ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 159 гимназия әкімшілігі мектептің жөндеу жұмыстарынан ата-аналардан ақша жинағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім басқармасымен бірлесіп егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін комиссия құруға бастамашы болы отырып, аталған жазбаға қатысты түсініктеме берді. 

"Ақша жинау фактісі бойынша бірнеше ата-ана мектеп әкімшілігін хабардар етпестен, кеңсе жиһазын жаңарту және орындықтарды жөндеу үшін өзге ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырғаны анықталды". Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Комиссия ата-аналармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, 114 мың теңге көлеміндегі ақша ата-аналарға қайтарылып берілді. Ал гимназия директорына қатысты бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шаралар қабылданды.

"Тексеру барысында мектеп жыл сайын бюджет қаражаты есебінен жөнделетіні анықталды, биыл мектепті жөндеуге бюджеттен 15 млн теңге қарастырылған". Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Қазіргі уақытта байқау өткізіліп, қызмет көрсетуші фирма анықталды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек