Ақмола облысында бұрынғы енесі мен абысынына сырттай несие тіркеген келіншек тұтылды

Сурет: Zakon.kz
 Ақмола облысының полицейлері туыстарының атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген келіншекті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 шілдеде Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол белгісіз адам өзінің және келінінің атына алаяқтық жолмен онлайн-микронесиелер рәсімдегенін жеткізген. Жәбірленуші қарызы жайлы хабарлама келгенде ғана несиесі бары туралы білген. Осыдан кейін ол банкке барып, мамандар ақпаратты растады. 2022 жылдың тамызында алынған несиенің жалпы сомасы 251 мың теңгені құрады. Әйел адам барлық жағдайларды анықтау үшін дереу полициядан көмек сұрады.

"Аталған деректерга қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жәбірленушінің бұрынғы келіні енесі мен абысынын телефонына суретке түсіріп алғаны мән-жайларды анықтау барысында белгілі болды. Көп ұзамай полицейлер 30 жастағы бикешті анықтады. Оның осы құқық бұзушылыққа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты кезекті рет барлық азаматтарға өзгенің өтініші бойынша жалғыз суретке түспеуді, жеке құжаттарын қараусыз қалдырмауды ескертеміз", делінген өңірлік полиция хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді