Серік Күдебаевтың процессуалдық келісім жасасуға ниетті екені белгілі болды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматы облысы Кеген аудандық сотында экс-генерал Серік Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өту ісі қаралып жатыр. Сотталушы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті деп айыпталады. Бұл үшін заң аясында бір жылға бас бостандығынан айыру немесе 1000 АЕК, яғни 3,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза қарастырылған. 

Сот отырысында Серік Күдебаев процессуалдық келісімін жасасуға өтініш блдірді. Осыған байланысты істі қарау бір аптаға кейінге қалдырылды. Келесі сот отырысы 18 шілдеде сағат 10-да өтеді.

Айта кетсек, алдында Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Серік Күдебаевтың шетелге басқа облыстан қашқандықтан оның соты бұл өңірде өткізілмейтінін мәлімдеген. Бірақ прокурор экс-генералдың соты қай облыста өтетінін нақтыламаған еді.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады