Ғылыми атақ беру тәртібіне өзгерістер енгізілді

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, лаборатории, наука, исследование, исследования, лабораторные исследования, лабораторное исследование, научные исследования, научное исследование, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 11:35 Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар – қауымдастырылған профессор (доцент), профессор атақтарын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылыми дәрежелер беру қағидаларында диссертация тақырыбы бекітілген күні ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындайтын ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келуге тиіс екені нақтыланды.

Бұл талап Қазақстан азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану үшін ұсынылған диссертацияларға қолданылмайды.

Сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру қағидаларының екі тармағы жаңа редакцияда жазылды.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өзге елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарынан алған ғылыми атақтары оларға қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор атағын беру және Қазақстан Республикасының тиісті аттестатын табыстау арқылы танылады.

Ал Қазақстан азаматтарының 2011 жылғы 1 қаңтардан кейін өзге елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарынан алған ғылыми атақтарын тану аталған қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ғылыми атағын тану үшін мына құжаттарды ұсынуға тиіс:

  • өздері жұмыс істейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе ғылыми ұйымның сұралатын мамандық атауы мен шифры көрсетілген өтінішхаты;
  • жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  • шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: