Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

Сурет: freepik
Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы 2023 жылы 7 тамызда Шымкент қаласы ПД-ның аға инспекторы Бақдәулет Уразбаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 3 тамызда Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасағанын еске салды. Жол апаты салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал 7 тамызда әйелдің жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмғаны белгілі болды.

"Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол УҰИ-ға қамалды". Шымкент қаласы ПД-ның аға инспекторы Бақдәулет Уразбаев

Сондай-ақ ол қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданғанын да жеткізді.


"Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында", - дейді Бақдәулет Уразбаев.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты