"Мамамды біреу алып кетті!". Қарағандыда әйелді ұрып-соқты деген күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Әйелді ұрып-соғып, қылмыс орнынан қашып кеткен Қарқаралы тұрғыны Қарағандыдан ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны өңірдің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге құрықтады. 30 жастағы күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

"25 тамызда түнде Қарқаралы ауданының криминалдық полиция басқармасы мен ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қарағанды қаласында "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің сарбаздарымен бірлесіп Қарқаралы ауданының тұрғынына шабуыл жасады деген 30 жастағы күдікті анықтап, ұстады", - деді Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Бұрын белгісіз ер адамның 51 жастағы әйелге шабуыл жасағаны туралы хабарланған. Қарқаралы қаласының барлық кіре берістері мен шығар жолдарына, сондай-ақ күдікті адамның ықтимал қозғалысы бағыттарына тосқауыл бекеттері қойылғаны белгілі болды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі Зұлхия Жұматова дүниеден өтті

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды