Айықтырғышқа түскен елорда тұрғыны полицейлерге жала жауып, дау туғызды

46 жастағы елорда тұрғыны "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" ісі бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Айықтырғышқа тоғытқан полицейлерді ол өзіне қол көтерді деп айыптаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамызда ер адам қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін өзіне әкімшілік хаттама толтырған тәртіп сақшыларынан өшін алмақ болып, оларға жала жапқан. 

"Бұл мәселе бойынша тексеру жүргізілді. Полицейлердің бақылау камералары мен бейнежетондарының бейнежазбалары зерттелді. Жазбаларда полицейлер ер адамды медициналық айықтырғышқа апарып, медицина қызметкері жеткізілген адамды тексеріп, әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушысына "орташа дәрежелі" алкогольдік мас күйінде болғандығы туралы куәландыру жүргізіп, бұл ретте айықтырғыштарға ол полицейлер тарапынан дене жарақаты туралы хабарлаған жоқ".Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Кейін оған әкімшілік хаттама толтырылды, ол хаттамамен танысып, келісіп, полицейдің планшетіне өз қолымен қол қойған.


"Instagam-дағы блогында өзін соққы алған адам ретінде көрсеткен, іс жүзінде ол Орталық полиция бөліміне барып, басқа полицейлерден оған жедел жәрдем шақыруын өтінген. ҚР ҚК 419-бабы "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда", делінген полиция хабарламасында.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: