Басқа елде алынған жүргізуші куәлігі Қазақстанда жарамды ма

Сурет: Zakon.kz
Егер Қазақстан Республикасының азаматы Грузия аумағында жүргізуші куәлігін алған болса, оны Қазақстан Республикасында пайдалануға бола ма? Бұл сұрақ Ішкі істер министрлігінің сайтында қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларының 84-тармағына сәйкес, шетелдік және халықаралық жүргізуші куәлігінің иесі шетел азаматы немесе азаматтығы, ықтиярхаты жоқ адам болып саналса және куәлікті алған күннен бастап 60 күн өткеннен кейін немесе иесі Қазақстан Республикасының азаматы болып, елге  кіргеннен кейін 60 күн өткен соң куәлік жарамсыз деп танылады.

Бұл ретте Ереженің 85-тармағында жоғарыда аталған және БҰҰ-ның "Жол қозғалысы туралы" конвенциясының талаптарына сәйкес келетін шетелде жүргізуші куәлігін алған тұлғалар оларды жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы негізінде Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігіне айырбастауға құқылы.
Ол мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы керек. Сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат, медициналық анықтама және оның көшірмелері, мемлекеттік баж салығын төлегенін растайтын құжат талап етіледі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты