Ақмола облысында шаңғы спорты бойынша бапкер гашиш сатады деген күдікке ілінді

Сурет: polisia.kz
Шаңғы спортының жаттықтырушысы Ақмола облысының аумағында гашишті заңсыз өткізгені үшін ұсталды. Заңсыз айналымнан 55 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысының есірткіге қарсы полицейлері Астана - Қарағанды тас жолында, Жібек Жолы ауылының терминалы жанында облыс аудандарының бірінің тумасы, Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны тізгіндеген автокөлікті тоқтатты.Ол балаларға шаңғы спортын үйретумен айналысқан жаттықтырушы болып шықты.

"Күдіктінің автокөлігін санкцияланған тінту барысында багаж бөлігінде картон қорап табылды, оның ішінде салмағы 40 келіге жуық гашиш есірткі заты бар төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сол күні елорда маңындағы ауданда, өз үйінде есірткі заттарының тағы бір көтерме саудагері, 36 жастағы ер адам ұсталды. Сол үйді санкцияланған тінту кезінде гараждың үй-жайынан салмағы 15 келіден астам есірткі заты бар екі полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді", делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме