Жетісу облысында жалғызбасты әжейді тонаған қаскөй ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Текеліде полицейлер 83 жастағы жалғызбасты қарт әженің неке жүзігі мен зейнетақы жинақ ақшасын ұрлап кеткен 32 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйекте егде әйел мүлкі мен ақшасының ұрланғанын айтып, полицияға арызданды. Тәртіп сақшылары 24 сағаттың ішінде ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол көршілес Алматы облысының тұрғыны болып шықты.


"Зардап шеккен қария жеке сектордағы үйде жалғыз тұрады. Оның неке жүзігі мен түрлі валютадағы ақшасы ұрланған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрады. Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Текелі қаласы ПБ бастығының орынбасары Нұрболат Шаму.

Күдікті ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген. Полиция тек неке жүзікті тауып, заңды иесіне қайтарып берді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді