Алментті пәтерді жалға бергеннен түскен қаражаттан ұстауға бола ма

Сурет: Zakon.kz
Пәтерді жалға беруден түскен қаражаттан алимент ұстау заңды ма? Бұл сұраққа Әділет министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет министрлігінің түсіндіруінше, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" заңының 93-бабына сәйкес сот орындаушысы алимент өндiрiп алу туралы атқару парағын орындау кезiнде борышкердiң жалақысы мен өзге де кiрiстерiнен ақы өндiрiп алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығымен кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент ұсталатын еңбекақы және өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілген.

"Тізбенің 1-бөлімінің 12-тармағына сәйкес, алимент мүлікті жалға беруден түскен табыстан ұсталады. Осыған орай, алимент пәтерді жалға беруден түскен қаражаттан өндірілетінін ескертеміз", – деп мәлімдеді министрлік.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі