Астанада кісі толы аялдамаға қойып кеткен Mazda жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
29 қыркүйекте Астанада Mazda 6 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Байтұрсынов көшесінде бір топ адам тұрған аялдамаға соғылған. Осы фактіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі, "Абайсызда бірнеше адамның денсаулығына ауыр залал келтіруге әкеліп соққан жол қозғалысы тәртібін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, 29 қыркүйекте сағат 08.31-де Mеrcedes-Benz көлігі Байтұрсынұлы көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан Mazda көлігіне апатты жағдай туындатқан. Салдарынан Mazda жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылды. Салдарынан 8 адам ауруханаға жеткізілді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді