Полицияға Сабина Алтынбекованың үстінен арыз түсті

Сурет: pixabay
Танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың ақысына шеберлік сағаттарын жүргізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде осы мақсатта ақысын төлеп, бірақ спортшының бет-жүзін сол күйі көрмеген бір топ адамның cан соғып қалғаны, ақшасын да қайтара алмай жүргені, ақыры зардап шеккендер алаяқтық фактісі бойынша полицияға арызданғаны туралы ақпарат пайда болды

Кейбір деректерде спортшының онлайн-курсы адамдарға ұнамағаны айтылады, яғни ақысына татымайтын көрінеді. 

Ұйымдастырылған тәлімгерлік курс үшін әрбір адам Сабина Алтынбековаға 290 мың теңгеден төлеген. Кейбіреулер төлемді бөліп төлеуге рұқсат алған. 

Полиция аталған фактіні растады, алайда бұл арада бір топ адам емес, тек бір адамнан арыз түскенін жеткізді.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған факт бойынша Р. деген азаматтан Түрксіб ауданының полиция басқармасына 2023 жылдың 6 қазанында арыз келіп түскенін хабарлайды.

"ҚР ҚІЖК-нің 179-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттық қатынастардың болуын ескере отырып, азамат Р-ға талап қою арқылы азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды".Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды