Шымкентте мейрамханаға жылқыны күштеп кіргізген сүндет той иесі жауапқа тартылды

Сурет: pixabay
Шымкентте мейрамханалардың біріне жылқыны күштеп кіргізген сүндет той иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында бірнеше ер адамның көзін орамалмен байланған атты баспалдақтан төмен түсірмек болып, әлекке түскен видеосын анықтады.

"Тексеру нәтижесінде бұл оқиға 8 қазанда Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен "сүндет той" кезінде орын алғаны анықталды. Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 бабы, яғни "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары жануарларды ұстау кезінде ұрып-соғуға, жануарды азаптауға, оның ішінде аштыққа, шөлдеуге және жануардың өліміне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін басқа да зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін ескертеді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді