Жер қойнауын пайдаланушы топырақты заңсыз сатқаны үшін 850 млн теңге айыппұл төлейді

Сурет: Zakon.kz
Атырауда топырақты заңсыз сатқаны үшін жер қойнауын пайдаланушыға 850 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру заңмен қудаланатынын ескертті. Оьлыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-ның кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатты пайдалана отырып, 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқанын анықтады. Рұқсатты беру үшін "Морское" кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. Алайда шартта топырақты өзге мақсатта сату көзделмеген.


"Облыс әкімдігіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесі бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды. Аталған факт бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан сотпен 851 млн теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді". Атырау облысының прокуратурасы

Өз кезегінде, прокуратура "жер қойнауы ресурстарына, оның ішінде өңірдің экологиясына зиян келтіргені үшін жауаптылықтың сөзсіз болатынын" ескертеді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі