Мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққан Кентаудың экс-әкімі қайтадан темір торға тоғытылды

Сурет: ontustik.gov.kz
Екі ай бұрын бостандыққа шыққан Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов қайтадан түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық сотының аппелияциялық инстанциясы Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіліне ауыстыру туралы Қонаев қалалық сотының бұрын шығарған қаулысының күшін жойды.


"Прокурордың талап арызы қанағаттандырылды. Сот үкімі орындау үшін Астана қаласының полиция департаментіне жіберілді .Бүгінгі таңда М. жазасын одан әрі өтеу үшін ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесіне жеткізілгендігін хабарлаймыз".Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

4 қарашада аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталған Кентаудың бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов 8 қыркүйекте колониядан мерзімінен бұрын босатылғаны хабарланған болатын. Бұрынғы шенеуніктің жазасы өзгертіліп, түрмеде болу мерзімі екі есеге азайған болатын. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді