ҰҚК: Радикалдық идеялардан көңілі қалған қазақстандық өз еркімен берілді

Сурет: Zakon.kz
10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 11 қарашасында ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі.

"Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды. Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

Түркия
Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды