Алматыда екі ер адам такси жүргізушісін кепілге алып, оның туыстарынан ақша бопсалаған

Сурет: pixabay
Алматы қалалық полициясы такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, бұрын сотты болған екеу зардап шегушінің туыстарынан 500 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада сағат 22.00-де Алматы қаласының тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның жеке тасымалдаумен айналысатын ағасын күштеп ұстап отырғанын және туыстарынан 500 мың теңге талап етіп жатқанын хабарлаған.

"Жедел кезекшілерге Chevrolet автокөлігі туралы анықтама берілді. Бұл көлікті "Буран-307" патрульдік экипажы Жұлдыз ықшам ауданында тоқтатты. Көлік ішінде такси жүргізушісі – 2000 жылы туған М.есімді азамат және 35 пен 38 жастағы екі күдікті болған. Олардың бірі қашуға тырысты. Бірақ ол ұсталып, сыбайласымен бірге қамауға алынды", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. 

Белгілі болғандай, екі айыпталушы да бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір олардың іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен квалификацияланды.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді