Түркістан облысында "жиһаз сататын" онлайн-алаяқ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында әлеуметтік желіде төрт жалған парақша ашып, "жиһаз сатамын" деп тұрғындарды алдаған студент жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап, арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу Instagram әлеуметтік желісінде үй жиһазын жасап беретінін айтып, ақшасын иеленген.


"Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Атырау қаласының 20 жасар тұрғыны анықталды. Әрі қарай тексерулер барысында жігіттің студент екені және ол әлеуметтік желіде 4 бірдей жалған парақша ашып, тұрғындарды алдағаны белгілі болды. Мақтааралдық тергеушілер студент жігіттің 10 адамды алдап, 4 миллион теңге шығын келтіргенін нақтылады. Яғни, жас жігіт instagram-да үй жиһаздарын арзан бағада жасайтынын айтып, жалған жарнамалар жасап облыстың тұрғындарын алдаған. Сенім білдірген азаматтар жас жігіттің парақшасындағы жиһаздардың суреті арқылы тапсырыс беріп, ақшаны алдын ала онлайн аударған", делінген хабарламада.

Бүгінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі