Семейде полицейлер біртүрлі қылмыстың бетін ашты

Сурет: pixabay
Семей қаласындағы дәмханалардың бірінің иесі полицияға хабарласып, белгісіз адам қала орталығында орналасқан кафе аумағынан британдық мысықты ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұрланған мысық – дәмхана қызметкерлері мен оның тұрақты клиенттерінің сүйікті жануары. Олар оны үнемі қарап, күтіп баптайтын. Полиция қызметкерлері үй жануарын ұрлаған күдіктіні қауіпсіздік камералары арқылы анықтады. Күдікті әйел тергеушілерге мысық қатты ұнағандықтан осындай әрекетке барғанын айтқан.


"Күдіктіге ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі(Ұрлық) бойынша айып тағылып отыр. 37 жастағы мысық әуесқойы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер британдық мысықты бірден иесіне қайтарды", делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Дәрігерлер не дейді

Қазақстанда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді