Тараз – Новосибирск әуе рейсі 14 сағатқа кешіккен. Тексеру басталды

Сурет: pxhere
Азаматтық авиация комитеті Тараз-Новосибирск бағыты бойынша SCAT әуекомпаниясының DV – 5325 рейсінің кешігуіне байланысты жолаушылар құқықтарының сақталуына қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 20 желтоқсандағы хабарламаға сәйкес, техникалық себепке және әуе кемесін ауыстыруға байланысты ұшақ кестедегі мерзімнен 14 сағат 6 минутқа кешіккен. Әуе кемесінің бортында 214 жолаушы, оның ішінде 14 бала және 2 сәби болған.

"Ұшуды күту кезінде жолаушыларға алкогольсіз сусындар мен тамақ берілді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қонақ үйде орналастыру қызметтері ұсынылмаған". ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ рейсті кешіктіру кезінде тиісті қызмет көрсетудің болмау фактісі анықталған жағдайда, "SCAT" әуекомпаниясын Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі no 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатыны да нақтыланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды